Саясат

Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглуді І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР Батумиде туған) - кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.