Жаңалықтар

Жоспар жүйелі жүзеге асуы тиіс

Сенат және мәжіліс депуттатары каникулға шыққанда қарап жатпайтыны белгілі. Олар күзге дейін ел-жер аралап, халық арасындағы маңызды мәселелермен танысып, түйткілдердің түйінін тарқатуға күш салады. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәкен Арубаевтың да облысқа арнайы жұмыс сапарымен келудегі мақсаты осы. Сәкен Қаланұлы жұмыс кестесіне сәйкес, Жуалы ауданында болып, өңірде салынып жатқан бірқатар құрылыс нысанын аралап көріп, онда атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына да баса назар аударды.

Халық қалаулысы ең алдымен «Теріс-Ащыбұлақ» суқоймасының жұмысымен танысты. Аталған суқойманың басшысы, гидролог маман Қайрат Шымыровтың айтуынша, бұл нысан 1963 жылы қолданысқа берілген. Су жинау мүмкіндігі 158,6 миллион текше метрді құрайтын қойманың су өткізгіш қабілеті секундына 36 текше метрге тең. Бұл суқоймада жиналған мол су шлюздер арқылы төмен тасталып, өз кезегінде көршілес Жамбыл ауданындағы 21,5 мың гектар егістік алқапты суландыруға мүмкіндік береді. Қазір мұнда секундына 2 текше метр су тасталуда. Суқойма қайта жаңғыртуды қажет етеді. Жұрт жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат көзі республикалық бюджеттен бөлінетінінен үмітті.


Жоғарыда аталған екі ауылды таза ауызсу жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын мердігер компания «Темір-Строй Сервис и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізу үстінде. Қазіргі таңда екі ауылда да жұмыс қатар атқарылуда. Ақтөбе ауылына кіреберістің оң жақ бөлігінде су тарату стансасының құрылысы басталып, жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Мұнда стансаның айналасын темір-бетон қабырғамен қоршау жүргізіліп, онымен қоса, жалпы сыйымдылығы 150 текше метр болатын су жинайтын екі бірдей резервуардың шұңқыры қазылып, дайындалуда. Онымен қоса, сусорғы стансасының да құрылысы жүруде.

Ең бастысы, су қорының мол болуы алдын ала зерттеліп, тереңдіктен су бұрғылау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Айта кету керек, Ақтөбе ауылындағы үш көшеде 141 аула бар. Тиісінше, мұнда ауызсу құбырларын жүргізу кезінде барлығы жеті шақырымға жуық магистральды құбыр қазу көзделген.Халық қалаулысы келесі кезекте Түктібай ауылында жүргізіліп жатқан ауызсу жүйелерінің және осындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке жапсарлас салынып жатқан ғимараттың құрылысына назар аударып,  бірқатар мәселелерге мән берді. Нақты айта кетсек, Түктібай ауылындағы №12 М.Әуезов атындағы орта мектепте жапсарлас ғимаратпен қатар, ескі білім ошағының күрделі жөндеу жұмыстары да қоса атқарылады.

Бас мердігер –«Бином» ЖШС.С.Арубаев мұнан кейін Жетітөбе ауылдық округінің орталығы Кәріқорған ауылындағы «Алатау сүт өнімдері» өндірістік кооперативінің сүт өңдеу цехында болды. Тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы сүт зауытында қазір жеті тонна сүт өңделіп, одан 10-ға жуық өнім шығарылуда.  Қажетті шикізат ауыл-аймақтың тұрғындарынан қабылданады. Дамудың даңғыл жолына түсіп үлгерген кәсіпорынның алға қойып отырған жоба-жоспарлары да өте көп. Кәсіпорын басшысы Н.Кенжебековтың айтуынша, алдағы уақытта қымыз өндіруге де күш салмақ. Сүт өңдеу зауытының жұмысынан хабардар болған халық қалаулысы оның жұмысына сәттілік тіледі.

Сенат депутаты С.Арубаев ары қарай Боралдай ауылдық округінің орталығы Көлтоған ауылындағы спорт кешенінің құрылысымен танысты. Айта кетсек, мұнда құрылыс жұмыстары енді ғана басталған. Құрылысқа бір гектар жер телімі қарастырылып, қазір онда іргетас құюға негіз жасалу үстінде. Халық қалаулысымен болған кездесуде ауыл ақсақалдары ауылдан спортшылардың, оның ішінде, балуандардың көптеп шығып жатқанын мақтанышпен жеткізді. Ауыл жастарының жаттығып, спортпен тұрақты айналысуына бұл кешеннің ауадай қажет екенін ашып айтты. Айта кету керек, Көлтоған ауылынан қазақ күресінен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің жүлдегері, айтулы балуан Ғани Сейділдаев түлеп ұшқан. Дегенмен спортшылар ауылында спорт кешені құрылысының аяқталмау қаупі жоғары. Өйткені республикалық бюджеттен қаржы бөлінбеген. Сенат депутаты бұл мәселе жеке бақылауында болатынын, қаржы көзін қарастыруға күш салатынын атап өтті. 

Халық қалаулысы келесі кезекте Қарасаз ауылындағы жиһаз жасайтын цехтың жұмысымен танысты. Цех басшысы Серік Мақатаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 5,3 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, жұмыс бастағанын сөз етті. Оған ағаш өңдеуге қажетті құрылғылар (станок) сатып алған. Бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын толық қуатында іске қосылса, әртүрлі жиһаздар шығаруды қолға алмақ. Жиһазға тапсырыс та көптеп түсуде. Іскер азаматтың жұмысымен танысқан халық қалаулысы алдағы уақытта кәсіпті одан әрі кеңейту үшін 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болатынын айтты.

Депутаттың ауданға жұмыс сапары Шақпақ ауылдық округінің Т.Дүйсебайұлы ауылында қорытындыланды. Сәкен Қаланұлы осындағы Амангелді атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, құрылыс барысының өте баяу жүріп жатқанын сынға алды.  Халық қалаулысы мектеп құрылысының баяу жүруінен оқушылар алдағы жаңа оқу жылында білім ошағының табалдырығын өз мерзімінде аттай алмау қаупі жоғары екенін алға тартты. Бұл тұрғыда  мердігер компания өкіліне ескерту жасап, жұмыс күшін арттыруды талап етті. 

Сәкен Арубаев апта басында жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барып, ондағы каналдар жайын, құрылыс нысандарын, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы барысын бағамдады. Алдымен Сенат депутаты аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге Айшабибі ауылындағы «Райс», «Исмайл», «Бошақай», Қаратөтөбе ауылдық округіндегі «Жанұзақ» каналдарын көрді. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы каналдардың жайы жақсы деп айтуға келмейтінін, 76 каналды жөндеу жұмыстары созбалаңға салынып келе жатқанын айтты. Сенат депутаты бұл жұмыстармен жеке айналысатын атап өтті.

Келесі кезекте Сәкен Қаланұлы Жамбыл ауылдық округіндегі 10 гектар қант қызылшасы мен 35 гектар пияз алқабын аралап, өнімділігін көрді. Келесі кезекте аудан орталығында салынып жатқан музей, жастар орталығы, архив және кітапхана құрылыстарын көрген депутат аудандық бюджет арқылы осыншама құрылыс жүргізу әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ететінін алға тартты. Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан аспалы көпірдің де ел игілігіне берілуі аудан әлеуетінің артып келе жатқанын білдіретінін атап өтті.

Ол жоба аясында 15 жылқы алып, бүгінде қылқұйрықтыларды бордақылап, етін халыққа өткізуде. Етке сұраныс тек облысымызда емес, Алматы, Шымкент қалаларына да тән екен. Сәкен Қаланұлы жоба аясында елдің ырзық-несібесін арттырып отырған азаматқа сәттілік тіледі.

Нұрым Сырғабаев