Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды arainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуды жүзеге асыратын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттер туралы азаматтарды ескертеді.
Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді.