Солтүстік Арал теңізінде су көлемі 12,5 есеге артты
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Әйтек» су торабын аралап, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жұмыстарымен танысты,деп хабарлайды arainfo.kz
Қазіргі уақытта Солтүстік Аралға секундына 75 текше метрге дейін су жіберілуде. Былтыр секундына 6 текше метр су келген болатын.