Тағы да пандемия. ДДСҰ мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус кез келген уақытта әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап
Бұл туралы ұйым басшысы Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.
Сондай-ақ ол әлем елдерін құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырды. Камбоджа мен АҚШ-тағы індеттің соңғы жағдайларын алға тартты.
Айтуынша, тәуекел топтарға жататындар: 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.