Спорт

Салтанат Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия алды

Жамбылдық спортшы Салтанат Әбілхасымқызы пара жеңіл атлетикадан Париж-2024 Паралимпиада ойындарына лицензия алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Салтанат Т35 классында 100 м жүгіру дисциплинасында өнер көрсететін болады. 

Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 22 лицензия бар.