Жаңалықтар

Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қалай қол жеткізіледі?

Бұл жаһандық ауқымда қабылданған мақсаттар. Олар кедейлік пен қайғы-қасіретті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл халықтың тыныштығы мен гүлденуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды arainfo.kz

2030 жылға дейін 17 негізгі бағыт таңдалды. Олардың жетістігі елді өмірдің барлық негізгі салаларын тұрақты дамытуға, сондай-ақ осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге әкелуі мүмкін.

ТДМ-ны іске асыру және оған қол жеткізу үдерісі БҰҰ өкілдерінің де, Қазақстан Республикасының үкіметінің де тұрақты бақылауында.

ТДМ-ға тиімді қол жеткізу үшін жаһандық көрсеткіштер жүйесі әзірленді. БҰҰ-на мүше әрбір мемлекет бұл көрсеткіштерді ұлттандыруы мүмкін. 

Бүгінгі таңда Қазақстанның ТДМ-ға қол жеткізу мониторингі жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның 205-і әлемдік және 75-і ұлттық.

5 негізгі бағыт:

- Адамдар: кедейлікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім беру;

- Планета: жер және су экожүйесін ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі;

- Өркендеу: инклюзивті өсу және экономикалық трансформация;

- Бейбітшілік: қауіпсіз және бейбіт қоғам, күшті институттар, әділдік;

- Серіктестік: тұрақты даму үшін жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технология, әлеуетті арттыру, сауда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) әлемге ТМД-ға қол жеткізуге көмектеседі. Ол кедейлікті жоюға, теңсіздікті азайтуға, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және үкіметтің ашықтығын арттыруға көмектесу үшін 170 елде жұмыс істейді. 

Қазақстан БҰҰДБ-мен бірлесіп жұмыс істей бастағалы бері түрлі бағыттар бойынша құны 200 миллион доллардан асатын 200-ден астам жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, ТМД шеңберінде БҰҰДБ Қазақстанға:  

1. Әлеуметтік қауіпсіздік пен теңсіздікті жою

2. Халықтың билікке деген сенімін қалпына келтіру

3. Экологиялық тұрақтылықты қолдау

4. Жоғары өнімді экономикалық өсуге жәрдемдесу.

17 Тұрақты даму мақсаттары:

1. Кедейлікті жою

2. Аштықты тоқтату

3. Денсаулық пен амандық

4. Сапалы білім

5. Гендерлік теңдік

6. Таза су және канализация

7. Құны аз және таза энергия

8. Лайықты еңбек және экономикалық өсу

9. Индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым

10. Теңсіздікті азайту

11. Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар

12. Жауапты тұтыну және өндіріс

13. Климаттың өзгеруімен күресу

14. Теңіз экожүйесін сақтау

15. Жердегі экожүйелерді сақтау

16. Бейбітшілік, әділдік және күшті институттар

17. Тұрақты даму үшін серіктестік.