Жаңалықтар

Жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен

ТЖМ мәліметінше биыл 102 бала ашық терезелерден құлап зардап шекті, деп хабарлайды arainfo.kz

 Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеп, жазатайым оқиғалар көп орын алады.

Айта кетейік, өткен жылы елімізде  осындай 170 оқиға тіркелген. Қазақстан Төтенше жағдай министрлігі ата-аналарға абай болуын және қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін еске салады.