Руханият

Қолөнер бұйымдарының көрмесі

Су – біздің өміріміз бен денсаулығымыздың қайнар көзі, ол адамдардың және басқа да тіршілік иелерінің өмір бастауы.

Бүгінде біздің қалаған уақытымызда суды емін-еркін пайдалануымызға мүмкіндігіміз бар. Бәлкім, судан тапшылық көрмегенімізге байланысты судың қадірін түсіне бермейтін шығармыз? Бірақ назар салып байқап қарасақ, көп жағдайда суды үнемдемейміз. Кішігірім нәрсені мысалға алып қарасақ,  шүмекті (кранды) тіс тазалап жатқан уақытымызда ашып қоямыз. Ал Африка тұрғындары су тапшылығынан үлкен зардап шегетінін ойладық па?

Әлемнің кейбір мемлекеттерінде бір су тамшысы алтыннан құнды. Сондықтан адамдар сусыз өмір жоқ екенін түсініп, оған құрметпен және қамқорлықпен қарағандығын қалаймын. Табиғат берген сыйды сақтап қалу әрбір адамның мойнына артылған міндет деп білемін.Біз өмір сүріп жатқан «Жер» атты ғаламшар бар мүмкіндігін барша тіршілікке теңдей қылып ұсынған. Ғаламшар бізге ұсынған әрбір мүмкіндік адамзаттың ортақ құндылығы және байлығы болып табылады.

Мысалы – су. Кейін ауа және Күн. Бұлар – әлемнің үлкен байлығы. Ішіп жүрген суымыз бен ауа математикалық көрсеткіштермен өлшенеді. Бір адамның іше алатын су мөлшері физиологиялық тұрғыдан бірдей. Денеміздің ауа және Күннен пайдалана білу мүмкіндігі де осы. Бірақ пайдаланған бұл құндылықтардың сапасына қарағанда жағдай мүлдем басқаша.

Таза ауа, таза су әр адамның хақы.Тарих беттерін қарасақ, өркениеттердің су жағасында құрылғаны, өсіп, бүкіл әлемге тарағаны белгілі. Су болмаса, тіршілік те болмайды. Яғни өркениеттердің су көздеріне жуық құрылуы және дамуы да бостан-бос емес. Өйткені адам баласы судың тіршілік екенін әрқашан білген және өмірін оған лайықтаған. Қазір де әлемдегі адам санының 60 пайызы өзендердің жағаларында өмір сүруде. Адам өмірі судың сапасына байланысты өзгереді.

Бұған қарамастан, су көздерінің тағы адам қолынан жылдам ластануы да түсініксіз жайт. Эколог мамандардың сөзіне сүйенсек, өнеркәсіп қалдықтарын су көздеріне төгу нәтижесінде пайда болған  қоршаған орта ластығы келешекте үлкен мәселелер туғызатын болады. Соны ұмытпайық. Біз қаласақ та, қаламасақ та болашағымыз суға байланысты. Судың да сұрауы бар. Суды үнемдей білейік!

Сымбат Қуаныш,
Ш.Смаханұлы атындағы
 орта мектептің түлегі, 
Талас ауданы,
С.Шәкіров ауылы