Денсаулық

Репродуктивті денсаулық апталығы өтті

Репродуктивті апталық – медицинаның жүкті болу, босану және бала туу мүмкіндігіне қатысты бағыты. Дәрігерлердің айтуынша, әсіресе жастардың осы мәселеден құлағдар болғаны жөн. Әрбір науқан қатысушысы репродуктивті денсаулық туралы сенімді ақпарат алып, білікті мамандарға сұрақтарын қойып, тексеруден өтіп, салауатты болашаққа қадам жасай алады.

Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында босану саны 37 пайызға, аборт жасату 36 пайызға төмендепті. Жалпы алғанда, 15 жастан 18 жасқа дейінгі жүкті әйелдер саны 41 пайызға азайған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев айтты.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17 пайызы кем дегенде бір рет жүкті болады. Олардың 62 пайызы жүктілікті босанумен, 22 пайызы жасанды түсікпен, 16 пайызы өздігінен түсік тастаумен аяқталады екен.

– Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында 15-18 жасқа дейін босану саны 37 пайызға төмендеді Жыныстық қатынастың ерте басталуы осы саладағы білімнің төмендігімен, контрацепсияның құралдары мен әдістері туралы аз білумен және оларды жеткіліксіз қолданумен байланысты. Сонымен қатар жасөспірімдердің жасы неғұрлым жас болса, соғұрлым олар түсік жасатады. Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті функциясы мен соматикалық денсаулығының бұзылуы бала тууға және болашақта ана мен нәресте өлімінің коэффициенттеріне тікелей әсер етеді.

Э.Тілеубердіқызы