Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған түлекке қатысты пікір білдірді
Қазақстандық түлек Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері бойынша "рекордтық" бір балл жинаған, деп хабарлайды arainfo.kz
Кейінірек түлек тағы бір видеода пайдаланушыларға тестілеуді неге осылай тапсыруға шешім қабылдағанын түсіндірді. Жігіттің айтуынша, ол өз ісімен құрдастарына ҰБТ тапсырғаннан кейін өмір аяқталмайтынын көрсеткісі келді.
Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.Олар Ерасыл Уәлиевтің екі рет тест тапсырғанын - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.
Сондай-ақ, талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дан екі сертификаттың бірін таңдай алатынын атап өтті.