Жастар

Тәрбиенің қайнар көзі

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес.Қазір де солай.Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюуге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан-ды.Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді.Халықта "Аллғаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың" деген сөз бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлттық намыс, мінез-құлық, тектілік, отансүйгіштік, рухани-патриоттық сынды қасиеттерді сіңіруде отбасы мен орта шешуші рөл атқарды.Жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы мен ата-ана болса, екінші бесік - блім беру мекемесі

Мектеп кезіндегі тәрбие – тұлға ретінде қалыптасу кезеңіндегі маңызды қадам. Бұл бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие, білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді.Бірінші қадам – ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Яғни өз отбасына, ортасына, туған қаласына, көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауды үйрету керек. Сондай-ақ табиғатқа да қамқорлық таныту керек екендігін бала бойына сіңіру қажет. Екінші қадам – еңбексүйгіш болу, үлкендердің де еңбегіне құрметпен қарау. Үшіншіден, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықты ояту. Төртіншіден, егемендігіміздің символы – мемлекеттік рәміздермен таныстыру. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Еліміздің әрбір азаматы жұртшылықтың алдына шыққанда ұлттық мүдде мен қазақстандық патриотизм қағидаттарын басшылыққа алуы керек», – деген болатын. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлт мен ұлыстың өкілдері өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды атажұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс.

Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір тәрбиеленушіде патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан педагогтар ұйымдастырылған іс-шараларында, біріншіден, терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, екіншіден, халықтар достығы идеясын ұстануды мақсат етулері керек.

Арайлым Үшкемпір,
Ә.Бөкейханов атындағы
 №1 мектеп-гимназияның мұғалімі