350 ит пен мысық ауланды
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Тұрар Рысқұлов ауданындағы ветеринариядағы эпизоотиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Оған спикер ретінде Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінің басшысы Ғабидин Әшімбеков қатысты.
Ветеринариялық бөлімнің негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Спикердің айтуынша, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалуда.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында ауданда ит аулау жұмыстары жүргізілуде. «iKomek109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімдіктерінен келіп түскен өтініштерге байланысты бүгінгі таңда 350 жабайы қаңғыбас ит-мысық ауланды.
Аяулым Жаманқара