Әлеумет

Атауда да көп сыр бар

Әлемде астанасы жоқ мемлекет кемде-кем. Әрбір мемлекеттің астанасы – сол елдің символы. Яғни ол елдің бас қаласына қарап экономикасын, даму көрсеткішін байқауға болады. Бүгінгі мақаламызда елордалар жайлы деректерді тізбектеп шығуды жөн көрдік.

Еліміздің бас қаласы Астана әлемдегі сән-салтанаты жарасқан, сәулеті ерекше қалалардың бірі. Алайда көбіміз «Астана» атауының мағынасын білмей жатамыз. Негізінде Астана ешқандай теріс мағынасы немесе басқа бір мәнмәтіні жоқ, нақты атауға ие ұғым. Дейтұрғанмен көптеген қызықты дерекке тап болып жүргеніміз де жасырын емес.Астана алып қазан немесе тайқазан деген ұғымды білдіреді екен.Арриант есімді сақ патшасы бүкіл сарбаздарының жебелерін тез жинатып, отқа салып балқытып, одан үлкен қазан құйып жасатқан деседі. Даяр болған қазанға құйылған «Тәңір судан» айнала қоршаған жауынгерлер түгел ішкен.

Сөйтіп, рухы түсе бастаған сақ жауынгерлері көсемнің туы астына қайта жиналыпты-мыс. Елді бірлікке, татулыққа шақырған тайқазанның, яғни астананың шығу тарихы осындай. Тағы бір деректе астана сөзінің парсы тілінде «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие екендігі жазылған.Жалпы әлем астаналарының атауларының мағынасына мән берер болсақ, олардың адам есімдерімен, тайпа, жануар, өсімдік аттарымен, табиғи құбылыс және тағы да басқа ұғымдармен астасып жатқанын көреміз. 

 Ал 1788 жылы ағылшын отаршылары негізін қалаған Аустралия астанасы Сидней қаласы британдық колониялар хатшысы Лорд Томас Сиднейдің құрметіне  қойылған екен.Сол сияқты 1873 жылы құрылған Венгрия астанасы – Будапешт қаласы Дунай жағалауында орналасқан Буда, Обуда және Пешт деген үш қаланың атауын біріктіру арқылы пайда болған.Аргентина астанасы Буэнос-Айрес «жақсы ауа» немесе «жақсы желдер» деген мағынаны білдіреді.Ескі көшелер мен көз тоймайтын көптеген көрікті жерімен кез келген адамды баурап алатын Чехияның астанасы Прага «ескі, жайлы қала» ретінде қыдырып келген әрбір туристің есінде мәңгі қалатын жер.

Бір қызығы, тарихшылар Прага қаласының атауы қайдан шыққанын әлі күнге дейін анықтай алмай келеді. Сондықтан әркім өз қалауы бойынша нұсқаны таңдай алады. Солардың бірінің айтуы бойынша, қаланың негізі күн суыған жерде қаланған. Чех тілінде бұл «выпражене» немесе «выпрагле» дегенді білдіреді. Ең танымал нұсқасы жер жыртқыш Премыслды күйеуі ретінде таңдаған ханшайым Либушемен байланысты. Түсінде ол болашақ қамал орнында жер жыртып жатқан адамды көріп, сол жерден табалдырықты ашады. Чех тілінде бұл «прага». Жағасында Прага орналасқан Влтавада көптеген рапид бар.

Сондай-ақ қала «брага» сөзінен, яғни Селтиктегі бекініс деген сөзден аталған деген нұсқа да айтылып жүр.Таиландтың астанасы мен ең ірі қаласы – Бангкок. Бұл қаланың атауы әлемдегі ең ұзын атау ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бангкоктың ресми атауы тай тілінде: Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит. Оны қысқартып, «Періштелер қаласы» деп атайды.

Бірақ қазір 21 сөздің кейбіреуі қолданылмаса да, Бангкоктың толық атауы балаларға мектепте міндетті түрде жаттатқызылады. Кішкене тарих Бангкоктың ресми атауы тай тілінен аударғанда «жабайы қара өрік қаласы» дегенді де білдіреді. Бір кездері бұл Чао-Фрая өзенінің жағасындағы шағын балықшылар ауылының атауы болды, оның орнында кейін қаланың негізі қаланған.Вашингтон АҚШ-тың астанасы екендігін бәрі білгенімен ресми түрде «Колумбия округі» деп аталатынын көбі біле бермейді. Вашингтон 1790 жылы құрылған. Қаланың атауы Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне қойылған.

А. Орынбасарқызы