Ұлытаулықтардың ұтымды ұсынысы
Жуырда «Анаға тағзым» орталығында Тараз қаласы мансап орталығының ұйымдастыруымен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысынан Тараз қаласына көші-қон мәселесі бойынша келген делегациямен кездесу өтті.
Жиынға Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұржан Орынбаева, Ұлытау облысының Еңбек мобильдігі орталығының директоры Айдар Қойшыбаев қатысты.Шараның негізгі мақсаты – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ерікті түрде өңіраралық қоныстандыруға жәрдемдесуді түсіндіру. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен жұмыссыздар арасындағы байланысты бекіту және жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту.Басқосуда спикерлер көші-қон бағдарламасы туралы қала тұрғындарына егжей-тегжейлі түсіндірді. Қоныс аударатын тұрғындарға мемлекет тарапынан көптеген көмек көрсетілетіндігі баяндалды.Жиын соңында Ұлытау облысындағы бос жұмыс орындарының тізбесі ұсынылды.
Аяулым Жаманқара