Жаңалықтар

Қыстың қамын жаз ойла

«Қыс шанаңды жаз сайла» демекші, шаруалар үшін жауапты кезең саналатын шөп шабу науқаны қазір қыза түсті. Шаруалар үшін жаздың әр күнін тиімді пайдалану маңызды. Биыл да аудан шаруалары қыстың қамына ерте кірісіп, ауа райының қолайлы уақытын пайдаланып, маусым айының басынан бастап шөп жинау науқанына жедел кірісіп кетті.