Саясат

БҰҰ бас хатшысы Қазақстанға келді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға келді, деп хабарлайды arainfo.kz

Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне ШЫҰ+ форматында өтетін талқылау аясында қатысады деп жоспарланып отыр. Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға келді. Оны әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектонов күтіп алды.