Қоғам

Жамбыл облысындағы 53 мектеп Starlink спутниктік жүйесіне қосылған

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің баспасөз қызметі хабарлады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин жұмыс сапары аясында  Жамбыл облысында халықпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды arainfo.kz.

Іс-шараға мемлекеттік көрсетәлетін қызметтер комитетінің және министрліктің телекоммуникациялар комитетінің басшылығы, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ және облыс әкімдігінің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде вице-министр облыс бойынша офлайн форматтамемлекеттік қызметтерді көрсету үшін 19 бөлімше мен 1Арнайы ХҚКО бар екенін айтты. Осы жылдың басынанЖамбыл облысы бойынша 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2024 жылы Тараз қаласының 15шағын ауданында ХҚКО ашу жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 372 елді мекен бар.ТОБЖ технологиясы бойынша тіркелген Интернетке 199АЕМ қосылған. Сонымен қатар, Жамбыл облысының 53мектебі Starlink спутниктік жүйесіне қосылған», - деп атап өтті Асқар Жамбакин.