Жаңалықтар

Ресейден импортталған 28 тонна бананнан құрт анықталды

Ресейден Қазақстанға жеткізілген жаңа банан партиясынан жәндіктер табылды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі  Ulysmedia.kz-ке  сілтеме жасап

Қадағалау мен карантинді фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының инспекторы Ресейден келген жаңа банандар партиясынан (28,08 тонна) шығыс ұнтақты құрт табылғанын хабарлайды. Сот шешімімен банандарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік,бұған дейін Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада Қырғызстаннан Қазақстан аумағы арқылы Ресейге тасымалдауға тырысқан 40 тоннаға жуық шие табылғаны хабарланған болатын.