Профилактикалық рейдтер жүгізілуде
Облыс құтқарушылары шомылу маусымы кезеңінде суайдындарда профилактикалық рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын үздіксіз ұйымдастыруда. Сала мамандары дрондардың көмегімен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы шомылу орындарын анықтауда.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері суайдындарда 4 адам суға батқан 2 қайғылы оқиға тіркелді. Ал 17 маусымда сағат 18:35-те Тараз қаласында жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Әбілда демалушылар арасында рейдтік алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде 2012 және 2014 жылы туған екі қыз баланы құтқарды. Жуырда Меркі ауданында облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары полковник Руслан Орынбековтің бастауымен өрт сөндіру қызметі, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, Меркі ауданы білім бөлімі қызеткерлері, Меркі ауданы полиция бөлімі қызеткерлері, «ҚазТрансГазАймақ» қызеткерлері, Жастар орталығының еріктілерімен бірлескен ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Меркі ауданында Аққайнар, Тескентоған ауылынан 161 тұрғын үй қамтылып, 193 жадынама таратылды. Сонымен қатар Меркі тау шатқалындағы демалушыларға және аудан аумағындағы суқоймаларда судағы қауіпіздік шараларын сақтау бойынша 184 тұрғынға арнайы жадынама таратылды.Іс-шара аясында мамандар тұрғындармен отпен қауіпсіз жұмыс істеу, жазғы тазалық жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау, газ жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері туралы кеңестермен бөлісті.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментімен Меркі ауданында «Сел-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Облыстың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің басқару органдары, күш пен құралдарының сел ағындарының салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың қаупі мен олар орын алған жағдайдағы іс-әрекеттері оқу-жаттығу барысында пысықталды. Оқу-жаттығуға Меркі аудандық азаматтық қорғау қызметтерінен 127 адам, 39 техника қатысты.
А.Әуесбек