Жаңалықтар

БАҚ: мемлекет және қоғам мүддесі

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев «Массмедиа туралы» заңға қол қойды. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, қабылданған жаңа заң – Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасының қорытындысы, нақты нәтижесі.

ҚАЖЕТТІ ӨЗГЕРІС ПЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

Жаңа заңды осы кезге дейін қолданыста болған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелерінің жиынтығы деуге де болады. Ал аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды. Дегенмен жаңа заңда бірқатар тың ережелер де қарастырылған. Атап айтсақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернетресурстарды да қамтитын «массмедиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізіліп отыр. Сондайақ заңдағы негізгі ұғымдар қатарына «ақпараттық егемендік» деген де түсінік кіргізіліпті. Яғни бұл –   ақпараттық күн тәртібін қалыптастыруда республика азаматтарының қоғамдықсаяси дербестігін айқындайтын еліміздің ақпараттық  кеңістігінің тәуелсіздігі. Бұрынғы заңда да сөз бен шығармашылық, көзқарастар бостандығына Конституция кепілдік беріп, цензураға жол  берілмегенімен ақпараттық егемендік туралы түсінік, норма жоқ еді.Сонымен қатар жаңа заңның мүмкіндіктері аясында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын Бірыңғай медиа платформа құрылмақ. Оның ішінде мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына гранттар беру, аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі арқылы (аккредитация карталарын берудің автоматтандырылған үдерісі) журналистерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тіркеу және басқа да міндеттер қарастырылған.Тағы бір айта кетерлігі, журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленген. Яғни журналистің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын «журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізіліп отыр. Ал шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтардың арнамысына, қадірқасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы БАҚқа талап қою мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланған күннен бастап 1 жыл деп белгіленген.Осы заңның жетістіктерінің бірі деп шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен олардың журналистерін аккредиттеу тәртібінің жетілдірілгенін айта кеткен жөн. Ендігі жерде тілшілердің сұратуларын қарау мерзімі 7ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылып отыр. Бұл журналистерге қажетті ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік бермек.Бақтың өз қызметін өзі реттеу мақсатында заңда қоғамдықкәсіптік кеңестер құру көзделген. Кеңестер республикалық және өңірлік деңгейлерде құрылуы мүмкін. Бұл кеңестердің негізгі қызметі – Журналистердің әдеп кодексін әзірлеу. Гранттық қаржыландыруды енгізу арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктері жетілдірілді.

ҚОҒАМДЫҚ ДАУ ТУДЫРҒАН НОРМА

ЗАҢНЫҢ АТЫ ҒАНА ЕМЕС, ЗАТЫ ДА ӨЗГЕРДІ

Жылға жуық уақыт бойы Парламенттің қос палатасында талқыланған заң жобасын әзірлеу оңайға соқпағаны анық. Осы заң төңірегіндегі болып жатқан тартысқа толы жиын, кеңестер жайлы ақпарат құралдарынан жиі хабар алып отырдық. Мәжіліс мінберінде, комитет отырыстарында, жұмыс тобының жиындарында қарамақайшы пікір, ұстанымдар да аз болмады. Жұмыс тобының жетекшісі болған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов заңның аты ғана емес, заты да өзгергенін алға тартты. Оған қоса енгізілген өзгерістің бірқатарына тоқталды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТПАҚ

Депутат заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық ұйымдар өкілдерімен, елшілермен, журналистермен, депутаттармен де арнайы талқылаулар ұйымдастырылғанын айтып өтті.
Парламентте комитет төрағасының және жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы жөніндегі ресми өкілі Тереза Риберо ханым бастаған делегациямен де заң жобаларына қатысты келелі кездесу өткен екен. Яғни халықаралық қоғамдастық өкілдері де аталған заң жобасына қатысты өздерінің қолдауларымен қоса, нақты ұсыныстарын да айтқан.

 

Осылайша Парламент Мәжілісінің барлық комитетінің оң қорытындыларын алған отандық бұқаралық ақпарат кеңістігіне «массмедиа» және «онлайнплатформалар» деген жаңа терминдердің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының 4 кодексіне және 21 заңына түзетулер енгізілді. Бұдан басқа көптеген жекелеген норма нақтыланып, заң жобасының мазмұнын жақсартатын редакциялық түзетулер де көрініс тапты.

Жасұлан Бақытбекұлы, 
журналист