Жамбыл жаңалықтары

Одақ жаңа мүшелермен толықты

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Ш.Уалиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Журналистер – жасампаздық жаршысы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Салтанатты жиынды Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалы және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырды.