Ең жоғары балл жинаған ауыл баласы
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, максималды балл жинаған түлек белгілі болды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде сүрінбеген оқушының аты-жөні Еңсебек Жаннұр. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі.
Осылайша орта мектептің түлегі, ауыл баласы ең жоғары балл жинап отыр.
Бұған дейін жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен еді.
Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинаған.
Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялаған.
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында өзі министр кезінде ҰБТ жүйесін қалай өзгерткенін айтып берді.