Жыл басынан бері облыс аумағында терезеден 4 бала құлаған
Жыл басынан бері облыс аумағында көппәтерлі үйлердің терезелерінен 4 бала құлаған, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Jambylinfo.kz сілтеме жасап
Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлады
Полицияның қызметкерлерінің мәліметінше, қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, ата-анасы жанында отырса дас дұрыс назар аудармағандықтан, 4 жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап түскен.
Жазғы кезеңнің басталуымен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп 5 мыңнан астам ауланы аралаған. Полиция қызметкерлері үйдің шатырлары мен жертөлелеріне балалардың еркін кіріп-шықпауын тексерген.
Сонымен қатар, жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 4 бала суға батып қаза тапқан. Мысалы, биыл 25 маусымда Тараз қаласында 17 жасар жасөспірім достарымен бірге Талас өзеніне шомылуға барып, суға батып кетті.