БАҚ өкілдері марапатталды
Тілшілер арасында «Журналисті аяғы асырайды» деген сөз бар. «Жүргенге жөргем ілінер» демекші, журналистер қауымы жыл он екі ай аяғынан тозып, ақпаратты жылдам әрі анық беру бағытында еңбек етеді. Әлсіздің үнін жеткізіп, әлдінің жауаптылығын қадағалайтын тілшінің атқарар еңбегі зор. Олар – заман ағымына сай зеректік пен алғырлықты, сауаттылық пен жылдамдықты, қырағылықты, әділеттілікті жанына серік еткендер. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара барысында облыс әкімдігінің басқармалары мен барлық аудан әкімдігінің БАҚ-қа жауапты өкілдері кәсіби мереке қарсаңында журналистерге ерекше құрмет көрсетіп, арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті. Жиында алдымен сөз алған «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-ның бас директоры Данияр Асқарұлы БАҚ өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтап, ұжымда атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Холдингке қарасты үш газеттің де облыстық ақпарат айдынында қалыптасқан тұрақты оқырманы бар. «Aq jol» газеті осыдан 2 жыл бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен 100 жылдығын, яғни «ғасыр тойын» республика көлемінде атап өтті. Ауқымы үлкен іс-шара аясында талай талантты танытып, бағын ашқан басылымның тарихи-шығармашылық мұрасы көрініс тапқан «Ғасыр шежіресі» атты үлкен жинақ жарық көрді. Кітаптың кіріспесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен басталады. Сонымен қатар өңірдегі ұлтаралық татулық пен келісімді ту еткен «Знамя труда» газеті биыл өзінің 105 жылдығын атап өтіп отыр. Ал «Біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ» деп кешегі ақын Мағжан сенген жастардың ортақ үніне айналған облыстық «Ar-Ai» газеті келер жылы екі онжылдықтың басын қосқалы отыр. Біздің серіктестік ақпарат саласындағы әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып,
мен барлық аудан әкімдігінің БАҚ-қа жауапты өкілдері кәсіби мереке қарсаңында журналистерге ерекше құрмет көрсетіп, арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.Жиында алдымен сөз алған «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-ның бас директоры Данияр Асқарұлы БАҚ өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтап, ұжымда атқарылған жұмыстарға тоқталды.– Холдингке қарасты үш газеттің де облыстық ақпарат айдынында қалыптасқан тұрақты оқырманы бар. «Aq jol» газеті осыдан 2 жыл бұрын облыс әкімдігінің қолдауымен 100 жылдығын, яғни «ғасыр тойын» республика көлемінде атап өтті. Ауқымы үлкен іс-шара аясында талай талантты танытып, бағын ашқан басылымның тарихи-шығармашылық мұрасы көрініс тапқан «Ғасыр шежіресі» атты үлкен жинақ жарық көрді. Кітаптың кіріспесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен басталады. Сонымен қатар өңірдегі ұлтаралық татулық пен келісімді ту еткен «Знамя труда» газеті биыл өзінің 105 жылдығын атап өтіп отыр. Ал «Біз жанбасақ лапылдап, аспан қалай ашылмақ» деп кешегі ақын Мағжан сенген жастардың ортақ үніне айналған облыстық «Ar-Ai» газеті келер жылы екі онжылдықтың басын қосқалы отыр.Біздің серіктестік ақпарат саласындағы әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, заманауи үдерісті игеруге күш салып келеді. Осы ретте өзім бастамашы болып, жыл басында холдингке қарасты «Цифрлық контент орталығын» құрдық. Мұндағы мақсат – үш басылымның ақпараттық-танымдық бағыттағы сайттары мен әлеуметтік желідегі, яғни «Facebook», «Instagram» парақшалары арқылы оқырмандарға сапалы әрі сенімді ақпарат тарату.
Сонымен қатар холдинг басшысы басты жаңалықтың бірі жуырда «AULIEATA-MEDIA» серіктестігіне қарасты үш газетке елімізде алғаш болып онлайн жазылу тетігі «Halyk bank» қосымшасына енгізілгенін атап өтті. Ол үшін аталған екінші деңгейлі банктың менеджерлерімен ортақтаса жұмыс істеп, басылымға жазылу тәртібі оңтайландырылғанын да тілге тиек етті. «Kaspi.kz», «Post.kz» қосымшалары арқылы да үйден шықпай-ақ өзіңіз қалаған мерзімді басылымдарға онлайн жазылуға мүмкіндік бар екенін сөз етіп, холдингтің нәтижелі жұмыстары мен межелі жеткен жетістіктерін бөлісті. Одан соң газеттің жанашыры, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Салтанатты сәтте аудан әкімдері «AULIEATA-MEDIA» серіктестігінің қызметкерлерін марапаттады. Келіп жеткен кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Эльмира Байназарова