Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босатты, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Egemen.kz сілтеме жасап
Бүгінгі сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы ұсынысын ортаға салды.
Сенат мүшелері ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.