Еліміздің 17 өңірінде психологиялық қолдау орталығы ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар 17 өңірде ашылды,деп хабарлайды arainfo.kz
Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Аталған орталықтардың басты мақсаты — жергілікті жерлерде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құру.
Айта кету керек, орталықтар ашу бойынша іс-шара Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген.