Алғыс арқалаған абзал жандар
Денсаулық – басты байлық. «Саулық – сақтықта» деп те жатамыз. Яғни адам баласына Алладан берілген үлкен нығметтің бірі де осы – деннің саулығы екен. Алайда біз тек басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда ғана емхана мен аурухананы жағалайды екенбіз. Осы орайда бүгінгі мақаламызды жуырда ғана өздерінің кәсіби мерекелерін атап өткен ақ халатты абзал жандарға арнауды жөн көрдік.