Қоғам

БАҚ қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Aulieata - media» серіктестігі «Ашық есік күнін» өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Шерхан Мұртаза атындағы Баспасөз үйінде өткен мерекелік іс-шара еркін форматтағы басқосудан басталды. Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған «Aulieata - media» серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы холдингтың тыныс-тіршілігі мен толайым табыстары туралы кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, ізгі істің басынан табылған облыс әкімдігінің басқармалары мен барлық аудан әкімдігінің БАҚ-қа жауапты өкілдері кәсіби мереке қарсаңында журналистерге ерекше құрмет көрсетіп, арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, «AULIEATA – MEDIA» холдингі 2020 жылы тамыз айында құрылған.