Білім

Елімізде қанша инклюзивті білім беру мекемесі жұмыс істейді?

Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының желісі жыл сайын көбейіп келеді. Мектептердің 86 пайыздан астамы инклюзивті білім алуға жағдай жасағанын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді,деп хабарлайды arainfo.kz

Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты енгізілді. Қазір олардың саны 2,5 мыңнан асты.

Айта кету керек, 2019 жылдан бастап арнайы білім беру ұйымдарының желісі 83 бірлікке, ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қамту 20 пайыздан астамға ұлғайды. Бүгінгі таңда балалардың 76 пайызы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған.