Жаңалықтар

Жамбылда іздеуде жүрген істі азамат ұсталды

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында жамбылдық Қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлері іздеуде жүрген сотталған азаматты құрықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Заңды бұзған жазасын өтеушіні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің аға жедел уәкілі М.Бақытжанұлы Алматы облысының аумағынан анықтаған. Х есімді 37 жастағы ер адамға жұмыс орнында болмағаны және түзеу мекемесіне қайта оралмағаны үшін іздеу жарияланған.

Қазіргі таңда ол Жамбыл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.