Кәсіп

Әйелдер бизнес биігінде

«Әйел жүрген жер береке әрі мереке» демекші бизнесте де әйелдердің алар орны ерекше. Нәзікжандылардың басқан жері құлпырып шыға келеді емес пе. Экономикамызға қомақты үлес қосып жүрген әйел кәсіпкерлер біздің өңірде өте көп. Олар қай істі қолға алса да түрлендіріп, дамыта түспек. Сегіз қырлы, бір сырлы арулар қай қырынан алсаң да мықты

Облыстың жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес  субъектілерінің жалпы санында әйелдердің басшылығымен кәсіпорындардың үлесі 47пайызды немесе 55,5 мың субъектіні құрайды. Кәсіпкер әйелдердің саудадағы ең жоғары концентрациясы 40 пайыз, қызмет көрсету саласында 22 пайыз және ауыл шаруашылығында 17 пайызды құрайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша "Мен кәсіпкер" құралын іске асыру шеңберінде Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы шеңберінде барлығы 274 қызмет және 672 әйелге 398 консультация көрсетіліпті. Сондай – ақ, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту аясында  Палатаның іскер әйелдер кеңесінің қатысуымен 2021 жылдан бастап "Бір ауыл-бір өнім"жобасын іске асып келеді. Оның мақсаты-сертификаттаудан өткен және нарықтық тартымдылығы бар бірегей сапалы өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту. Бұл жоба ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл негізінен тамақ өнімдері, ұлттық өнімдер және биотехникалық өнімдер.

Бүгінгі таңда бұл әйелдер жұмыспен қамту орталықтары арқылы 400 айлық есептік көрсеткішке дейін гранттық қаржыландыруға қатысу үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жобаға қатысушылар "Бастау Бизнес" жобасын гранттық қаржыландыру шеңберінде 400 айлық есептік көрсеткіш немесе 2024 жылы 1 476 800 теңге көлемінде ала алады.

- Біз Жамбыл облысының "Өшпес мұра" қолөнершілер қауымдастығының қолөнершілері қазақстандық өндірісті дамыту мақсатында Тараз былғары аяқ-киіммен меморандумға қол қойдық. Біздің тігіншілер көпбалалы аналар, ерекше балалары бар аналар, асыраушысыз қалған аналар үйде аяқ киімнің үстіңгі бөлігін тігіп, былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіріп, өскелең ұрпақты оқытатын болады.

Бұл үлкен жобаның артықшылығы аяқ киім өндірісіне әсер етеді, әсіресе аналарға қолайлы үйден шықпай, отбасындағы ошақтың жанында ақша табу! Қолөнершілерге үлкен көмек болады, өйткені шынайы былғары қалдықтары тегін беріледі. Ал дайын былғарыдан жасалған бұйымдар қала жәрмеңкелерінде сатылады, осылайша, ең болмағанда, қандай да бір материалдық көмек, - «Өшпес мұра"  Жамбыл облысы қолөнершілер ассоциациясының басшысы Гүлнар Абдуллаева.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 2,9 мың әйел оқып, білім алған. 2022 жылдың наурызында Кәсіпкерлер палатасының базасында елдің барлық өңірінде Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөнінде 17 орталық ашылды. Бұл орталықтар кәсіпкер әйелдерге қаржылай емес қолдаудың алаңына айналды. 7,3 мыңнан астам әйел консультация алды, 21,5 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, іскер әйелдер кеңесі 170 жас кәсіпкерді тәлімгерлікпен қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда ел Президентінің оңтүстік өңірлерді индустрияландыру қажеттілігі туралы тапсырмасы аясында «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы "ТаразКожОбувь" ЖШС мен жеңіл өнеркәсіпте кластер құру бойынша ірі бизнес пен шағын бизнесті өндірістік кооперациялаудың пилоттық жобасын  іске асыруда.Каластер құру аясында "ТаразКожОбувь" ЖШС-мен Палата, жеңіл өнеркәсіп қауымдастықтары мен қолөнершілер қауымдастығы арасында үш меморандумға, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қойылған. Осы құжаттар шеңберінде "ТаразКожОбувь" ЖШС қаланың тігін компанияларына былғары және галантерея бұйымдарын өндіру бойынша аралас кәсіпорындарды ашу бойынша кластер құруға, оның ішінде оқыту және субконтракция тетігі шеңберінде көмек көрсетуге және қолдауға жәрдемдесетін болады. 30-ға жуық әйел "ТаразКожОбувь" ЖШС-мен ынтымақтасуға ниет білдірді, ол жұмыс істеп тұрған тігін шағын цехтарына, оның ішінде тұрақты жұмысы мен табысы жоқ әйелдерге, яғни ХӘОТ санатына аяқ киімнің үстіңгі дайындамаларын жинау бойынша жұмыс көлемінің бір бөлігін беруге дайын.

«Әйел Кәсіпкер», «Әйел - саясаткер», «Әйел - іскер». Қалай дегенде де әйелдер бизнесі – мемлекеттің тірегі боп тұр.

 

 

Перизат Хусайнова,

Жамбыл политехникалық

жоғары колледжінің оқытушысы