Қоғам

Меркіден Италияға: робототехника - мүмкіндік әлемі

ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Кеше фантастика секілді көрінген «ақылды» құрылғылар бүгінде өмірімізге дендеп ене бастады. Роботтардың көмегіне адамдар түрлі салада жүгіне бастағаны соншалық, бүгінгі қоғам техниканың қыр-сырын білуді қажеттілікке балауда. Меркілік Мұрагер Такебаевтың айтуынша, жас жеткіншектер де робототехникаға қатты қызығушылық білдіреді екен. Сол себепті ол соңғы жылдары балаларға роботтардың қыр-сырын үйретіп келе жатыр.

Мұрагер Мұратұлы өзінің еңбек жолын туған жерінде, яғни Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейде информатика пәнінен мұғалім болып бастауды жөн көрген. Оның айтуынша, балалар тек информатика сабағымен шектеліп қана қоймай, заман талабына сай робототехникадан да шыңдалсын деген мақсатпен сабақты бастап кеткен екен.

– Робототехникадан дәріс өткізуді өткен жылдың қыркүйек айынан бастадым. Білім ошағында роботтарды құрастыру бойынша үйірме болған жоқ, бірақ оқушыларымның бойынан «ақылды» құрылғыларға деген қызығушылықты байқағаннан кейін неге үйретпеске деген ой келді.

Сол себепті информатика сабағынан бөлек, роботтарды да зерделеуге көштік. Сабақ барысында балалар роботтардың шығу тарихымен танысты, олардың жасалу жолдары мен бағдарламалары туралы толық ақпарат ала алды.

Мұрагердің айтуынша, робототехникада роботтардың түрлері өте көп. Дегенмен оларды құрастыру жолдары әртүрлі. Әр робот түрлі функцияларды атқарғандықтан бағдарламалауға да ерекше мән беру керек.  Мысалға алсақ, «Робо Сумо», «Кегел Ринг», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Сызық бойымен жүру» секілді түрлері бар.

Оқушыларға қандай
 пайдасы бар?


    Дегенмен робототехника туралы сөз қозғағанда, көбінесе роботты құрастыру бірден ойымызға келеді. Бірақ бұл сала тек құрастырумен ғана шектелмейді. Бұған қоса оқушылар роботтың сызбасын, жобасын және жұмысын да ойластырады. Сондай-ақ бағдарламалау мен математикадан, физикадан ілім артық етпейді. Әртүрлі пішіндегі роботтарды құрастыру кезінде олар өмірде математиканың қаншалықты қажет екенін түсіне бастайды. Мәселен, робот қандай да бір істі өз бетімен тындыру үшін, ең әуелі, оған нақты дұрыс жазылған математикалық алгоритм қажет. Роботтың дұрыс қозғалуы үшін физикадан есептеулер дұрыс атқарылуы керек. Мұның барлығын толық есептегеннен соң балалар өзі қалаған нәтижеге қол жеткізсе, олардың бұл салаға деген қызығушылығы одан сайын артып жатады. Осылайша балалар тек 1 ғана робототехниканы меңгеру арқылы 3 түрлі пәннен білім көкжиегін кеңейтеді. 

Болашақ роботтарды қалай құрастырады?

Қандай сайыстарға қатысуға болады?

P.S. Меркілік оқушылардың  Қазақстанның атын барша жаһанға танытып, жүлделі орынмен оралуына  тілектеспіз.  Сәттілік серік болсын, жас робототехниктер!

Аяулым Жаманқара