Денсаулық

Электронды жүйенің игілігі

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті облыстық департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Базарханова мекеменің алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Брифинг барысында спикер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласына тоқталды. – Биыл 5 айда жоғарыда аталған сала бойынша департаментке 30 өтініш түсті. Оның ішінде 16 өтініш қаралып, бесеуі қайта бағытталды, ал қалған тоғызы кері қайтарылды.


Айта кету керек, жыл басынан бері «Е-лицензиялау» электрондық жүйесі арқылы медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия алуға барлығы 2 755 өтініш түсіпті. Оның 1 687-сі клиникалық практикаға жіберу үшін мамандарды сертификаттауға қатысты болып отыр. 

Аяулым Жаманқара