Тыныштықты күзеткен тәртіп сақшылары
Себебі, қоғамдағы әрбір қозғалыс пен тұрғындардың тыныштығы олардың жіті бақылауында. Ал, түзеу мекемелерінде еңбек етіп, арнайы контингент арасында қауіпті жағдайлардың алдын алатын Қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің қиындығы мол жұмысы былайғы жұртқа беймәлім. Тиісінше, олар өз міндеттерін дабыра қылмай-ақ мінсіз атқарып үйренген.
Әйтсе де, олардың ерен еңбегін өзгелер білуі тиіс. Әсіресе, тәртіп сақшыларының ұл-қызы ата-аналарының жауапкершілігі зор жұмысты атқарып жүргенін шын сезінулері керек-ақ. Бұл ретте «Менің ата-анам - полицей» атты балалар байқауының ұйымдастырылып келеді. Жалпы, бұл байқауды өткізудегі басты мақсат – тәртіп сақшыларына тәрбиенің отбасынан бастау алатын түсіндіру, олардың балаларымен өзара ынтымақтастығын нығайту әрі олардың ата-анасының еңбегіне құрметін арттыру.
Мақсат БАЕТОВ,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің бастығы, әділет майоры. 20 жылдан бері осы салада еңбек ететін Мақсат Манатбекұлының бұл күнде 2 қыз, 2 ұлы бар.
Асыл ОРАЗБАЕВ,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі режим бөлімшесінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаулышысы, әділет сержанты. 2 қыз, 3 ұлдың әкесі өткен жылдан бері құқық қорғау саласында қызмет атқарады.
Нұрсұлу КЕНІШБАЕВА,
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инпекторы, әділет капитаны. Нұрсұлу Шынасылқызы бір ұлдың анасы. ҚАЖ саласында 2018 жылдан бері жұмыс істеуде.