Спорт

Жамбылдық спортшылар әлем чемпионатына жолдама алды

Түркия мемлекетінің Маниса қаласында су добынан U16 жас ерекшелігі бойынша Әлем чемпионатының жалауы желбіремек. Қазақстан құрамасы сапында Жамбыл облысының 9 спортшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Олардың қатарында: Яна Смолина, Аяна Кунтубаева, Айсана Раимбек, Минора Мирзакаримова,  Ширина Худайбергенова, Шакира Нурсеитова,   Ангелина Первушина, Таира Мухаева, Ясмина Иштаева бар.

Айта кетейік, жаһандық дода 28 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оған 24 елдің құрамасы қатысады.