Жаңалықтар

Әрбір қазақстандыққа 100 мың теңге өтемақы төленбейді

Әлеуметтік желіде Қазақстан азаматтарына әлеуметтік қордан төленетін төлемдер туралы тағы бір фейк тарады. 1949-1998 жылдар аралығында туған әрбір адамға 100 мың теңгеден бөлінеді. Бұл – фейк.

ҚР бірде-бір ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат шыққан жоқ. Президент пен Үкіметтің сайттарында да ештеңе жазылмаған. Департаменттер мен комитеттер де жаңа бағдарлама туралы хабарламаған.Бұл стандартты алаяқтық схема. Пайдаланушыны ақшамен қызықтырып, өтінім беру үшін фишингтік сайтқа өту керек дейді. Бұл ретте алаяқтар асықтырып, ойлануға мұрша бермейді.

Ал төлемді алуға бірнеше күн ғана беріледі, сондықтан бәрі бірдей үлгермейді.Мемлекеттен төленетін төлемдер туралы ақпарат үшінші тарап порталдарында жарияланбайды.Белгісіз сайттарда жеке деректеріңізді жазбаңыздар.

Оларды интернет-алаяқтар пайдалануы мүмкін.Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден төлеу туралы осы сияқты фейктер 2023 жылдың желтоқсанында, осы жылдың қаңтар және ақпан айларында жоққа шығарылған болатын.

Талғат Нұрханов