Жаңалықтар

Балаларды отбасынан тартып ала алмайды

Әлеуметтік желілерде «мемлекеттік органдар балаларды ата-аналарынан тартып ала алады» деген жалған ақпарат тарады. Бұл жаңа заңнамалық нормалар қабылданғанда мүмкін болады екен-мыс.

 

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

«Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік органдарға балаларды тартып алуға мүмкіндік беретін нормалар жоқ. Барлық заңдар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және баланың өміріне немесе денсаулығына нақты қауіп төнген жағдайда ғана шаралар қабылдануы мүмкін», деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, мемлекеттің саясаты отбасыларды сақтауға және ата-аналардың тәрбиелік күш-жігерін қолдауға бағытталған.

Талғат Нұрханов