Құмар ойын құрдымға кетіреді
Қазіргі таңда қоғамда адам өмірін бұзатын ауыр психикалық дерт белең алып келеді. Ол – лудомания. Оның қауіпті құбылысқа айналғаны соншалық, өткен жылы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге айрықша назар аударған еді.