Тағайындау
Облыс әкімінің өкімімен Ғалым Исабайұлы Исаков облыс әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ғалым Исабайұлы 1989 жылы дүниеге келген. Білімі –жоғары. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру», «Құрылыс», «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс бөлімінің инженері болып бастаған.Әр жылдары облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс, жобалау жұмыстары бөлімдерінің бас маманы, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық басқармасының сумен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.2022 жылдың мамыр айынан бастап облыс әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
AR-AI АҚПАРАТ