Сотталған азаматтарға аттестат тапсырылды!
Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірлеген еді
Ол арқылы сотталғандар абақтыда отырып орта білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалған.
Аталған жағдай көптеген жазасын өтеушілерге кешкі мектепте орта білім алып, аттестат иеленуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД РММ №58 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға орта білім алғаны туралы құжаттар тапсырылды. Түзеу мекемесінде 7 сотталған азамат оқуын аяқтап, құжатын алды. Оқу құжатын мекеменің тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы, әділет майоры Елдос Набатовтың қатысуымен тапсырылды.