Аймақта эпизоотиялық ахуал тұрақты
Халқымыз малшаруашылығына ежелден бері ден қойып, өзінің өмір сүру дәстүрінде тіршілігін осы саламен тығыз байланыстырған. Атакәсіп ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіліп, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың бай тәжірибесінің арқасында кез келген қазақ төрт түлікті өсіру мен оның күтімін жасауды, ем-домын жетік білген. Қазіргі таңда мал емдеу, аурудың алдын алу секілді жұмыстар еліміз бойынша ветеринария саласы арқылы атқарылады.
Тарқата айтқанда, әр аудандағы ветеринариялық станса, оған қарасты ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттер мемлекеттік тапсырыс бойынша жануарлардың аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық-диагностикалық іс-шараларды жүргізеді. Сонымен қатар мемлекеттік тізілімге енбеген басқа да ауруларға қарсы хирургиялық көмек, паразитарлық және жұқпалы емес, инвазиялық ауруларды емдеу, дезинфекция, дератизация жұмыстарын ұйымдастыру қызметі халыққа ақылы түрде ұсынылады.Өз өңіріміздегі жағдайға келсек, облыстағы ветеринариялық стансалар толық қызметтік нысанмен қамтылған. Десе де 160 ветеринариялық пункттің бүгінде 139-ының ғана өз алдына ғимараты бар екен. Қалған ветеринариялық пункттер жергілікті бюджет есебінен шетінен біртіндеп салынып жатқан көрінеді.
Облыс әкімдігі ветеринария басқармасының облыстық ветеринариялық стансасына қарасты мекеменің бірі – Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі. Аталған ветеринария бөлімінің негізгі қызметі – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, диагностикалау, вакцинациялау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аудандағы ауылдық округтерде жалпы 120 ветеринар маман жұмыс істеп жүрсе, оның 53-інің жоғары, 39-ының орта кәсіптік, 28-інің орта білімі бар. Аудан аумағындағы 17 ауылдық округтегі 42 елді мекеннің төрт түлігінің амандығы аталған бөлімнің бақылауында тұр.
Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Төрехан Қойлыбаевтың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша осы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес толығымен орындалуда. Биыл аса қауіпті ауруларға қарсы малға екпе егу жұмыстары үшін 2 308 650 манипулция, 16 аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстарын жүргізу қолға алынған. Бес айлық жоспар бойынша 881 400 манипуляция жүргізу қажет болса, маусым айына дейін 666 410 екпе егілген. Әзірге аудан аумағында мал-жан арасында аса қауіпті жұқпалы ауру тіркелмеген.
Сарып ауруын анықтау мақсатында жоспар бойынша 552 506 манипуляция жүргізу көзделсе, бес айлық жоспар бойынша 213 120 манипуляцияның 155 244-і орындалған. Осы істі жүзеге асыру барысында ауылшаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, серологиялық-диагностикалық тексерулер жүргізіліпті.– Ауданда 83 533 ауылшаруашылық жануары бірдейлендірілді. Оның ішінде 9 970-і мүйізді ірі қара, 71 665-і уақ мал, 1 736-сы жылқы, 8-і түйе, қалғаны шошқа. Мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 1 594 ветеринариялық анықтама берілді. Оның ішінде 1 302 ветеринариялық анықтаманы жеке тұлғалар, ал 292-сін заңды тұлғалар алған. 1 594 ветеринариялық анықтаманың 1 104-і бірінші формаға жатады. Яғни оның 6 109-ы қой, 41-і ешкі, 1 303-і сиыр, 1 119-ы жылқы, 201-і шошқа. 490 ветеринариялық анықтама екінші форма болса, оның 188-і шошқаның, бесеуі жылқының, үшеуі сиырдың еті.
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында ит аулау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ауданда «Жамбыл 109» диспетчерлік орталығынан және ауылдық округ әкімшіліктерінен келіп түскен өтініштерге сәйкес осы жылы ауланған жабайы, қаңғыбас ит-мысықтардың саны 817-ні құрады. Қаңғыбас ит-мысықтардың 587-ісі ауылдық округтер, 230-ы «Жамбыл 109» диспечерлік орталығы арқылы түскен өтініштер бойынша ауланды.Аудан орталығы – Аса ауылы аумағында қаңғыбас ит пен мысықтарды уақытша күтіп-ұстауға арналған нысан салынған болатын.
Аудан бойынша Қарой, Өрнек және Гродеково ауылдық округтерінде бір-бірден мал сою алаңы бар. Екі мал сою пункті Қаратөбе, Гродеково ауылдық округінде. Полатқосшы мен Қаратөбеде бір-бірден, Гродековода екі ет өңдеу орны жұмыс істеп тұр. Аудан шаруалары малын тоғытуда Айша бибідегі жеті, Қаракемер мен Тоғызтараудағы екі-екіден төрт, Жамбыл ауылдық округіндегі, Қарасудағы, Көлқайнардағы тоғытпаларды пайдалануда.Ақбастау мен Өрнек ауылдық округтеріндегі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошағында көктем мезгілінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының бірінші кезеңі атқарылыпты.
Сәуір айының 15-24 аралығында Бірлесу-Еңбек ауылының жалпы аумағы 124 гектарды құрайтын жері, 169 400 шаршы метр көлемдегі 242 қора-жай, барлығы 6 400 мал залалсыздандырылыпты. Залалсыздандыру жұмысы жүргізілген аумақтың 80,9 гектары жазық, қалғаны бұталы аймақ көрінеді. Залалсыздандыру жұмысы қамтыған малдың 400-і мүйізді ірі қара болса, 5 550-і уақ мал, 500-і жылқы. Осы секілді Өрнек ауылында 196 гектарға, 294 000 шаршы метр көлемдегі 420 қора-қопсыға залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп, осы жұмысты жүргізу барысында барлығы 14 300 мал қамтылған.
Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері Жамбыл ауданында 17 адамды кене шақса, оның ішінде 12-сі 14 жасқа дейінгі балалар. Тарқата айтқанда, Аса ауылында 4 тұрғын, Шайқорықта –
2, Жалпақтөбеде – 3, Гродековода – 2, Ш.Ниязбеков, Бектөбе, Түрксіб ауылы мен Қаракемерде бір-бір адам, Құмтиында екі азамат «кене шақты» деген шағыммен медицина көмегіне жүгінген. Бір қуанарлығы, олардың бойынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруы анықталмаған.– Жамбыл ауданы бойынша 5 айда ветеринария саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесі «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланды. Мысалы, «Instagram»-ға 69 пост салынып, оған 298 лүпіл басылса, оқырман саны 424-ті құрап, жазба астында
Нұрым Сырғабаев