Қоғам

Жамбыл облысының әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады

Жамбыл облысының әкімі үздік мұғалімдерді марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Мұғалімдер күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткен жиын А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры саханалаған Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатын танытатын шағын қойылыммен ашылды.

Ұстаз әні шырқалып, өңірдегі педагогтердің жетістігі туралы шағын бейнеролик көрсетілді.

Бұдан соң аймақ басшысы білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.

Облыс әкімінің айтуынша, білім саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда салаға облыс бюджетінің 53%-ы бағытталып отыр.

Ағымдағы жылы 22 білім нысанын салуға 7 млрд. 600 мың теңге бөлініп, бүгінге 13 мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 4 нысанның құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлануда.

Сонымен қатар, 4  млрд. 100 мың теңгеге 13 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтсе, 3 мектеп пен 2 балабақшада жұмыстар жалғасуда.

Марапат иелеріне облыс әкімінің  Құрмет Грамотасы, Алғыс хаты, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі және тағы басқа түрлі номинациялар табыс етілді.

Саланатты шара  концерттік бағдарламаға ұласты.