Жыл басынан бері 11 316 қаңғыбас ит ауланды
Биыл 1,1 миллион төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізіліпті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей айтты.
Спикердің айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2024 жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар 5 айлық жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалған. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары нәтижесінде 8,7 миллион манипуляция жүргізілген. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы 2024 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 46 елді мекенде 6,4 миллион шаршы метр аула мен қора-жай және барлығы 560 мың ауылшаруашылық жануары екі кезең бойынша залалсыздандырылған.
Аудандық ветеринариялық стансалар толық қызметтік ғимаратпен қамтылған. Сондай-ақ 160 ветеринариялық пункттің бүгінде 139-ы қызметтік ғимаратпен қамтылып, 2024 жылы ветпункттерді аудандық бюджеттер есебінен қамту жоспарланыпты.Сонымен қоса ауылдық округтер аумағында залалсыздандыруға арналған 41 биотермиялық «Беккер» шұңқырлары бар. Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде қосымша шұңқыр жасау жұмыстары қолға алыныпты.
Снежана АЛЬЖЕВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік университетінің
2-курс студент