Жаңалықтар

Медиация және медиатвитік құзіреттілік

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында Жуалы ауданы Ақбастау ауылындағы №16 Жуалы колледжінде студенттердің қатысуымен оқыту мастер класс өтті.

  Жанжалдарды болдырмау үшін медиация  және медиативтік құзыреттілік туралы мастер-кластың спикері Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ЖОБ өкілі Берікбол Байхожаев және ҮЕҰ төрайымы Шарапат Сүйімқұл. 

Спикерлер түрлі дау-дамайларды шешуде өзара бітімгершілікке келу жолдарын атап өтті. Мәселен, кез келген жанжалды ушықтырмас үшін өзара келісіммен шешу қажет. Ол үшін халықтың да құқықтық сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Маманға студенттер өз сауалдарын жолдап, оған нақты жауаптар алды. 

Іс-шараның өзектілігі  мен тигізер пайдасын  барлық қатысушылар атап өтті. Өйткені еңбек дауы кезінде жанжалдардың алдын алу және татуласу дағдылары туралы әркімге нақты мәлімет  керек.