Жамбыл жаңалықтары

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Аймақ басшысының қабылдауына 11 азамат келді. Олардың қатарында Астана, Алматы, Тараз қаласының және Талас, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындары бар.

 Азаматтар әлеуметтік жобаларды іске асыру, баспана және ауызсумен қамту, жол белгілерін ретке келтіру, тұрғын үйді жекешелендіру және экология мәселесін көтерді.

Сондай-ақ футбол алаңшасын салу, көшеге кәріз жүйесін тарту, учаскелік полицияның жұмысын жүйелеу бойынша талаптарын жеткізді.


Облыс әкімі жауаптыларға тұрғындардың барлық сауалын толық зерделеп, шешімі табылғанша бақылауда ұстауды тапсырды.Айта кетейік, өңір басшысы 2023 жылдың қыркүйегі мен биылғы жылдың 28 мамыры аралығында 580-нен аса азаматты қабылдап, мәселелерімен танысты.

Бұдан бөлек облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы 170-тен астам тұрғынның өтінішіне құлақ түрді. Азаматтарды қабылдау жұмыстары жалғасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі