Мемлекеттік рәміздер күні түзеу мекемесінде аталып өтілді
1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні деп бекітілгені баршаға белгілі.
Жалпы, Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекет дамуының ажырамас бір бөлігі.
Қазақстандықтар үшін қастерлі саналатын мереке күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде сотталған азаматтардың қатысуымен ерлік сабағы ұйымдастырылды. Осынау сабақ дәстүрге сай әнұранның орындалуымен бастау алды. Сондай-ақ, мұнда егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздің өткен тарихына шолу жасалды. Тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын рәміздер күні мерекесі аясында аталған мекемеде өзге іс-шаралар ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.