№58 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен топтық кездесу жүзеге асты
Жуырда респуликалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Асқар Әкімханов пен облыс әкімдігінің дін басқармасы дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен топтық кездесу өтті.
Жиын барысында Асқар Әкімханов жазасын өтеушілерге «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ол өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді.
Сондықтан «әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы бұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.