Жаңалықтар

Бар жақсылық - балаларға!

1 маусым - Балаларды қорғау күні.

Жаздың алғашқы күнімен келген мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Сол себепті, осы күні әрбір балақай ата-анасының қамқорлығын сезінсе, бақытты балалық шақтың балдәурен күндерін көңілді өткізсе дейміз. Өйткені, бала - өмірдің мәні мен сәні.
Әрине әр бала өз отбасында, ата-анасы­ның аялы алақанында өскені жақсы. Бірақ өмір­де әрқилы тағдыр бар. Десе де, өмірлік қиын жағдайға тап болған балғындар қамқорлықсыз қалмақ емес.
Айтулы мереке күні «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облыстық филиалының ұжымы дәл осы санаттағы балақайлардың көңілін аулап қайтты. Жолшылар жас жеткіншектерге сый-сияпатын табыс етіп, олармен бірге би билеп, шаттана ән шыр­қады. 
Атап өтерлігі, тағдыр түрлі болса да, баланың бәрі бақытты болуы тиіс. Бастысы, оларды ая­лай­тын ел бар, жаны ізгі жақсылар бар.