Заң

Оқушылар есірткіге еліктемес үшін...

Нашақорлыққа қарсы күрес айлығы аясында барлық аудандарда мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен кең ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтуде.

Сондай кездесулердің бірі жақында Назарбаев Зияткерлік мектебінде де ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан облыстық полиция департаментінің мамандары, басқа да құзырлы мекемелердің өкілдері оқушыларға тыйым салынған заттарды қолданудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Кездесуді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев ашып, жүргізді.

Сондай-ақ Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов сөз сөйлеп, есірткісіз қоғам құру Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндеті екенін атап өтті. 
Жалпы кездесуде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 400-ден аса оқушысы «Есірткіге жол жоқ!» челленджін қолдап, қонақтарға көкейлеріндегі сауалдарын жолдады.Сондай-ақ іс-шара барысында есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді.

Айжан Өзбекова